Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 21 Наурыз, 2024

Әлемнің 26 елінде қазақ күйлері күмбірледі

Наурыз мейрамы күндері әлемнің 26 елінде қазақ күйлері күмбірледі, - деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Наурыз мейрамы аясында бес құрлықта танымал қазақ күйлері күмбірледі. Күйші Құрманғазы, Дайрабай Ерназарұлы және Түркеш Қалқаұлының композицияларын 26 елдің радио тыңдаушылары тыңдамақ.
Тізімде Түркия, Иран, Болгария, Испания, Литва, Латвия, Венгрия, Хорватия, Польша, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Бразилия, АҚШ, Қытай, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайланд, Марокко, Эфиопия және Оңтүстік Африка радиостанциялары бар.
Шетелдік радиостанцияларда қазақ күйлерін ротациялау ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және ҚР Сыртқы істер министрлігімен ұйымдастырылды.
Шетелдік радиостанцияларда ротациялау үшін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің орындауындағы «Көңілашар», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Серпер», «Дайрабайдың күйі» композициялары жіберілді.
«Шығыстан батысқа дейінгі түрлі елдерде белгілі қазақ күйлерін ротациялау –  Қазақстанның бай мәдени мұрасын жаһанға насихаттау үшін жасалған шағын болса да, маңызды қадам және радио тыңдаушыларды домбыра үнімен таныстыратын бірегей мүмкіндік», – деп атап өтті Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.  

Сондай-ақ, ведомство басшысы радиостанциялардың қазақ шығармаларына деген қызығушылығы осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігін айғақтайтынын атап өтті. Бұл үрдіс жыл сайын қайталанатын дәстүрге айналып, ал шетелдік радиостанциялар қоры басқа да қазақтың музыкалық шығармаларымен толығады деп жоспарлануда.

Фото: novoetv.kz

409 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз