Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 30 Наурыз, 2024

Кабирхан жеңіске жетті ме?

Әйгілі қазақстандық жүйрік жылқы Кабирхан Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен ат жарысынан әлем кубогында бақ сынады. Аталған жарыста ол жүлделі орыннан көріне алған жоқ.

Бәйгеде жетінші номермен сынға түскен Laurel Rival сәйгүлігі жеңіске жетті. Ал Кабирхан негізгі топтың арасында мәре сызығын кесіп өтті. Ол бәйгеде мәре сызығын тоғызыншы болып қиды. Әлем кубогына дүниежүзінің көптеген елдерінен сан алуан бәйгеде топ жарған жүйріктермен бәсекеге түсті.

Фото: ашық дереккөз

253 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз