Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 02 Сәуір, 2024

Сенатта ЕАЭО елдері арасындағы еңбек ету саласындағы ынтымақтастық туралы заң талқыланды

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді және онда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы мәселелерге қатысты заңды талқылады.

Құжат ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының ғылыми дәрежесін еңбек көші-қоны аясында сол аумақтарда тануды көздейді.  Сонымен, ғылыми дәрежелер туралы құжаттар философия докторы (PhD), сала бойынша доктор, ғылым кандидаты және ғылым докторы, мұндай құжаттардың иелері ғылыми дәрежесі үшін мемлекетте белгіленген үстеме ақыларды талап ететін жағдайды қоспағанда, ұлттық тану рәсімдері жүргізілмей танылады.

Осы Келісімді ратификациялау ЕАЭО кеңістігінде еңбек ресурстарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету арқылы еңбек нарығын нығайтуға, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының кәсіби қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Депутаттар кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

156 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз