- Безбен
- 05 Сәуір, 2024
Республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында қозғалысқа шектеу қойылды

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ағымдағы ақпарат:
2024 жылғы 5 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3280 метр болатын су тасқыны орын алды.
6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 398 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылған.

381 рет
көрсетілді0
пікір