Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Сәуір, 2024

Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесті

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық штабының мүшелері су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмектесті. Олар құтқарушылар мен еріктілер үшін ыстық тамақ ұсынды.

ҚХА мүшелері бастаған «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы аясында Ақмола және Қарағанды облыстарына гуманитарлық көмек жіберілді.

Гуманитарлық жүктің тағы бір бөлігі Ақмола облысының Достық үйіне жеткізілді. Кейбір заттар эвакуациялық пункттерге жіберілді. Ассамблея сенаторлары Әлішер Сатвалдиев пен Геннадий Шиповский жергілікті халықпен кездесіп, ағымдағы жағдаймен танысты. Жиын барысында зардап шеккендердің сұрақтарына жауап берілді. 

ұ

ҚХА республикалық штабының мүшелері су тасқынынан зардап шеккен басқа өңірлерге де барып, тұрғындарға қол ұшын созады. Құтқарушылар мен еріктілер үшін ыстық тамақ ұсынылады.

Гуманитарлық жүктің бірінші бөлігі Қарағанды облысының Шет ауданына жеткізілді. Оны ҚХА төрағасының орынбасары Ақбаржон Исмаилов пен «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев жеткізіп берді. Олар азық-түлік жиынтықтарын, киім-кешек пен басқа да қажетті заттарды халық арасында бөлумен айналысты.

Айта кетсек, еліміздің барлық өңірінде Достық үйлерінің базасында штабтар, еріктілер орталықтары, гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылған. ҚХА-ның көмегімен 110 млн теңгеден астам сомаға гуманитарлық көмек жиналған.

183 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз