Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Сәуір, 2024

«Алтын Орда» базарының кәсіпкерлері гуманитарлық көмек жіберді

«Алтын Орда» әмбебап сауда кешенінің кәсіпкерлері мен ұжымы тасқыннан зардап шеккен аймақ  тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді. Игі іс-шара барысында сауда кешенінің атынан Ақтөбе, Қостанай облысы, Торғай даласы, Амангелді өңірлерінің су басқан елді мекендеріне жалпы көлемі 30 тоннаға жуық түрлі қажетті заттармен толықтырылған 3 үлкен жүк көлігі мен 1 газель жөнелтілді. Кеткен логистикалық шығындарға базар әкімшілігі қолдау жасады.

«Базарда кәсібімді дөңгелетіп отырғаныма жиырма жылдай уақыт болды. Осы аралықта біздің ұжым әкімшілікпен бірігіп талай игі істерге атсалысты. Табиғат апатынан жапа шеккен еліміздің әр түкпіріндегі бауырларымызға көмек қолын созу – парызымыз деп білемін. Қасиетті Рамазан айында, бүгінгі Қадір түні алдында Жария садақа деп көмек қолын созып жатырмыз» - деді саудагер кәсіпкері Салтанат Беделқызы.

 «Біз – біртұтас халықпыз. Қуанышта да, қайғыда да біргеміз. «Алтын Орда» базары әрқашан халықпен бірге жасасып келеді. Сол себепті де көпті алаңдатқан ахуалдан тыс қала алмаймыз. Су басқан елді мекендермен байланысып, олардың қандай заттарға мұқтаж болып жатқандарын сұрап-білдік. Сәйкесінше, базар атынан көмек қолын созғысы келген еріктілердің басын қосып, жүк көліктерін қажетті заттармен толықтырдық. Біздің көмегіміз қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да тасқыннан зардап шеккендердің көңіліне медеу болса дейміз. Бұл су басқан белгілі бір өңір халқының ғана емес, тұтас елдің жанына батқан ауыр жағдай деп білеміз» - деді «Алтын Орда» әмбебап сауда кешенін басқарушы компания «Big City Market» ЖШС директоры Данияр Дузбаев.

168 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз