Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Сәуір, 2024

Бишімбаевтың ісі бойынша прокурордың жалған парақшасы 17 мың оқырман жинаған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушының атынан парақша ашылып, ондағы оқырман саны 17 мыңнан асып кеткен.

Instagram әлеуметтік желісінде aijan.aimaganova атты парақша анықталды. Қазіргі уақытта парақша 17 000 мыңнан аса жазылушы жинады, ал беттің аты aijan.fan, содан кейін testikant болып өзгертілді.

Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған. Бірақ кейінірек, парақшаның атауы өзгертіліп, ішіндегі жазбалар өшірілген.

Парақшдағы алғашқы жазбада мынадай мәтін болған.

"Дорогие Казахстанцы! Страницу открыла по просьбе обычных Людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я обещаю работать для Нового Казахстана!", - делінген жазбада.

"Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Фото: Жоғарғы сот

172 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз