Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 09 Сәуір, 2024

Есіл ауданында 400-ден астам тұрғын эвакуацияланды

Бір тәулік ішінде Есіл ауданының құтқарушылары Ленинское, Игілік және Свободное ауылдарынан 461 адамды, оның ішінде 143 баланы, сондай-ақ 17 ірі қара мал мен 25 шошқаны эвакуациялады. Бұл туралы Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталмыш ауылдардан эвакуациялау жұмыстары Есіл өзенінің тірелуіне және оның Қызыл Су өзенінің саласының төгілуіне байланысты, сондай-ақ, халықты су басу қаупі туындағандықтан жүргізілді. Қазіргі уақытта ауданда су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.

Фото: дереккөзден алынды

116 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз