Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 09 Сәуір, 2024

Ойыл өзенінде өткел арқылы 652 адамды эвакуацияланып, 19,5 тонна жүк тасымалданды

ТЖ режимі жарияланған аудандардағы су тасқыны жағдайын ескере отырып, Қарулы күштер әскери қызметшілерінің су басу салдарының алдын алу және жою жөніндегі жұмыстарға қатысуы кеңейтілуде.  Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлайды.

Өткен тәулікте оған 1 239 әскери қызметші, 87 бірлік автокөлік техникасы, 4 тікұшақ және 2 әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды. Әуе жолымен 60-тан аса адам және 18 400 келі жүк тасымалданды. 33 000-нан аса құм салынған қап дайындалып, оларды төсеу жүргізілді.

Қорғаныс министрлігі Ақмола облысының жарықсыз қалған ауылдарына 12 дизель және бензин генераторын бөлді. Жарқайың ауданы Далабай, Тассуат, Тасөткел елді мекендерінің және Есіл ауданы Заречное ауылының тұрғын үйлері, әкімшілік және шаруашылық объектілері электр энергиясымен қамтамасыз етілді. 

Ақтөбе облысындағы Ойыл өзенінде 58012 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ұйымдастырған паром өткелімен 264 тұрғынды эвакуациялау және 15 тоннаға жуық жүк тасымалдау жүзеге асырылды. Жалпы, 6 сәуірден бастап қатынастың бұл түрін 652 адам пайдаланды, 19,5 тонна азық-түлік, мал азығы және тұрмыстық заттар тасымалданды. Өңірде қапшықтарды құмға толтыру және оларды Садовое ауылында, Ақтөбе қаласындағы кірпіш зауытының ауданында төсеу жұмыстары жалғасты. Іс-шараларды 30238, 20709 әскери бөлімдерінің жеке құрамы орындады.

Фото: дереккөзден алынды

134 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз