Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Сәуір, 2024

Алматыдан Атырау облысына 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді

Алматыдан Атырау облысына 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді, - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматылықтар су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарына азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек, гигиена және тұрмыстық заттарды қосқанда 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады.
«Алдыңғы аптада біз Орал қаласына 10 тонна гуманитарлық көмек жібердік. Ал қазір Атырау облысына гуманитарлық көмек жинап, жіберіп жатырмыз. Атырау облысына жиналған заттардың бір бөлігін Air Astana және Fly Arystan компаниялары, екінші бөлігін қаламыздың кәсіпкерлері жүк көлігімен тегін жеткізіп береді. Гуманитарлық көмекті жинауға атсалысқан барша алматылыққа ерекше алғыс білдіремін», - деді Алматы қаласы еріктілер фронт-офисының жетекшісі Бағдат Анарбаева.

Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған қабылдау пункті 29 наурыздан бастап жұмыс істейді, Жұмыс уақыты 10:00-ден 19:00-ге дейін, демалыссыз.
Көмек көрсетуге қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар қатысады. 150-ден астам еріктілер тартылды.
Бұған дейін Алматы еріктілері Абай облысының өрттен зардап шеккен тұрғындарына, сондай-ақ жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия тұрғындарына көмек көрсеткен болатын.

238 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз