Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Сәуір, 2024

Бүгін Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

Биыл ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы. 
Дара тұлғаның мерейтойы туралы Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты. Иә, «Ғалымның хаты өлмейді». Академиктің мерейтойын ел болып атап өтеміз. Қаныш Сәтбаев технология дамымаған заманда-ақ елдегі кен қорын барлап, мөлшерін айтып кеткен. Біз әлі күнге Баянауылдан шыққан ғалымның сол ашып кеткен кен орындарын қазып, елдің игілігіне жаратып келеміз. Оның геологиядан бөлек, металлургия, су шаруашылығы тіпті әдебиет пен мәдениетімізге қосқан үлесінің де өлшеусіз екенін білеміз. Қазақтан шыққан тұңғыш академик Қазақ ғылым академиясының да негізін қалаған. 
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Баянауыл ауданында дүниеге келген. Сондықтан мерейлі жылда атқарылатын мәдени және рухани іс-шаралар академиктің туған жерінен бастау алмақ. Баянауыл ауданында мемориалдық кешен ашылады. Сонымен қатар ғұлама ғалымның  музейі жаңартылады.

Ал Астана қаласында Сәтбаев орталығы құрылады. Бұл бастамалар қазақ елін әлемге танытқан тау тұлғаның еңбегін кейінгі ұрпаққа жеткізу ету үшін керек. 

221 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз