Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Сәуір, 2024

Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қабылдау науқаны басталды

Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қабылдау науқаны басталды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қаланың емханаларында «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында халықтан мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қабылдау бойынша мерзімсіз акция басталды.
Акцияның мақсаты – тұрғындардың мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекті дұрыс жою және олардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру.
Үйде мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді сақтайтын тұрғындар қоршаған ортаны ластамай, олардан қауіпсіз түрде құтыла алады.
Ыңғайлы болу үшін әр емханада мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинауға арналған арнайы жәшік орнатылған.
Жәшіктерге таблетка, капсула, сұйықтық, ампулала және т.б. әртүрлі дәрі-дәрмекті салуға болады. Маска, қолғап мен шприц, қолданылған таңғыш материал қабылданбайды.
Тұрғындарды осы бастамаға қосылып, салауатты және таза қоршаған ортаны сақтауға үлес қосуға шақырамыз.
Мұндай жәшіктердің қай емханада орнатылғаны туралы ақпаратты almaty.kz сайтынан көруге болады.

160 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз