Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Сәуір, 2024

Шыңғыс Әрінов Қанат Бозымбаевқа өрт қауіпті кезеңге дайындық туралы баяндады

«Жыл сайын ТЖМ өрт қауіпті кезең басталғанға дейін орман-дала өрттерін сөндіру жұмыстарын ведомствоаралық үйлестіру үшін қажетті шаралар қабылданады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, жауапты мемлекеттік органдардың күштері табиғи өрттерді жоюға толық дайын емес және жеткіліксіз», - деп ТЖ министрі атап өтті.

Негізгі себептері - бөлімшелердің материалдық-техникалық жабдықталуының әлсіздігі, сондай-ақ алдын алу шараларын уақтылы қабылдамау. Бұл себептер осы өрт қауіпті кезеңнің өтуіне де теріс әсер етуі мүмкін.

«Сонымен қатар орман өрттеріне уақтылы ден қоюға орманшылардың ерте анықтау жүйелері мен тұрақты радиобайланысы басты рөл атқарады, олар біздің ұлттық саябақтар мен қорықтарымыздың көпшілігінде жоқ», - деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

Ол минералданған жолақтарды жасау және аумақты тазарту сияқты алдын алу шараларын қазірден бастау қажет екенін ерекше атап өтті.

Алдын ала болжамға сәйкес жаз ыстық, ауа температурасы 40 градустан жоғары болады деп күтілуде.

Шыңғыс Әрінов өрт қауіпті кезеңде ТЖМ күштері мен құралдары жоғары дайындықта болатынын айтты.

Фото: gov.kz

392 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз