Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 19 Сәуір, 2024

Лицензиялық турнирде үш балуанымыз жартылай финалға шықты

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық үш балуан жартылай финалға шықты.

Атап айтсақ, 74 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз Нұрқожа Қайпанов, 97 келі салмақта Әлішер Ерғали және 125 келі салмақта Юсуп Батырмұрзаев ширек финалда қарсыласын ұтып, жартылай финалға шықты.

Нұрғожа Қайпанов ширек финалда пәкістандық балуанды, Әлішер Ерғали ширек финалда Қырғызстан спортшысын, 125 келідегі Юсуп Батырмұрзаев тағы бір қырғыз  балуанын мерзімінен бұрын жеңіп жартылай финалға өтті.

Өкінішке қарай, Ерасыл Мұхтарұлы (57 кг) мен Майис Алиев (65 кг) жарыс жолынан шығып қалды.

Айта кетейік, аталған турнирде Олимпиада жолдамасы тек финалға шыққан балуандарға беріледі.

Күрестің үш түрінен 18 салмақ дәрежесінде 36 лицензия сарапқа салынады.

482 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз