Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Сәуір, 2024

Атыраудағы өндірістік нысандарында бөгет салу жұмыстары аяқталды

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның Атырау мұнай құбыры басқармасы, «Магистральды су құбыры» ЖШС, «МұнайТас «Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС қарасты өндірістік нысандардың айналасына судан қорғау бөгеттер салу жұмыстары аяқталды, – деп хабарлайды kazgazeta.kz

Жайық өзені жағасында орналасқан Ардагер шағын ауданы мен Геолог ауылының бойында ұзындығы 4 шақырым жағалау бекіністерін салу (оқпан салу) жұмыстары да аяқталуға жақын.

Сонымен қатар «ҚазТрансОйл» АҚ ҚазМұнайГаздың аймақтағы басқа да компанияларына су тасқынына қарсы жұмыстарға көмек көрсетіп жатыр.

Жалпы, Атырау қаласы мен облыстағы өндірістік нысандарды су тасқынынан қорғау шараларына «ҚазТрансОйл» АҚ 200-ден астам қызметкерін жұмылдырып, 57 автокөлік пен арнайы техника бөлді.

Фото: дереккөзден алынды

79 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз