Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 10 Мамыр, 2024

Ғалия Тынбаева тұңғыш рет Grand Slam додасының финалына шықты

Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында Ғалия Тынбаева тұңғыш рет финалға шықты.

Нақтырақ айтсақ, 48 келіде ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Тынбаева ширек финалда осыдан бір апта бұрын Душанбеде өткен турнирдің күміс жүлдегері түркиялық Тугче Бедерден айласын асырып, жартылай финалға өткен болатын.

Ал жартылай финалда отандасымыз әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ширин Буклимен белдесіп, қарсыласын қапы қалдырды. Осылайша, Тынбаева тұңғыш рет рет Grand Slam додасының финалына шықты.

361 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз