Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Наурыз, 2017

Министр Мұхамедиұлы Димашты қытайлық «Грэммимен» құттықтады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Top Chinese Music Awards сыйлығын жеңіп алған Димаш Құдайбергенді құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Құрметті Димаш! Құрлықтың белді сыйлықтарының бірі Top Chinese Music Awards  жүлдесінің «Азияның ең танымал әншісі» аталымында жеңіске жетуіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл марапат сіздің бірегей орындаушылық талантыңыздың лайықты жоғары бағасы болып табылады. Сіздің қайталанбас талабыңыз қазақ өнерін бүкіл әлемге танытты, барша қазақ халқының мақтанышына айналды. Сізге тән еңбексүйгіштік, мақсаткерлік және шынайы патриоттықтың арқасында музыкалық әлемнің талай биік шыңдарын бағындырарыңызға сенімдімін», - делінген министр құттықтауында. Еске сала кетсек, кеше, 27 наурыз күні Димаш Қытайдың Шанхай қаласында China Top music Awards сыйлығының «Азияның ең танымал әншісі» номинациясымен марапатталды. ҚазАқпарат агенттігі

751 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз