Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Наурыз, 2017

Қанат Исламның жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Қанат Исламның 9 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді, деп хабарлайды  Baq.kz. Бұл туралы боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 «Астанада 9 қыркүйекте өтетін кәсіпқой бокс кеші «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Спорт кешенінің сыйымдылығы 10 мың адам. Ринг айналасына 2-3 мың орындық қоюға болады. Бас-аяғы 13 мыңға жуық жанкүйер келеді деп күтілуде. Жекпе-жек алдында 3 баспасөз маслихаты және ашық жаттығу өтеді. Жекпе-жек бітісімен, Сарыарқа велотрегінің баспасөз залында боксшылардың қатысуымен ресми баспасөз маслихатын жасаймыз. Әріптестер сұрақтарын жекпе-жектің қызуы басылмай жатып қойып қалуы үшін. Ескерте кететін бір жайт Алматы аренада өткен кәсіпқой бокс кешінде 15 мыңға жуық халық келіп, билет жетпей кіре алмай қалғандары өте көп болды. Сол үшін билет сатылымға шыға салып, тезірек алып қоюыңызды сұраймыз. Билет, шамамен, тамыз айының 1 жұлдызында сатылымға шығады. Бұл жолы да бағалары қолжетімді болады», - деп жазған ол.

Айта кетсек, кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам жұдырықтасады. Сондай-ақ, еліміздің мақтанышы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменов те осы бокс кеші аясында жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. Сондай-ақ, басқа да кәсіпқой боксшылармен келіссөздер жүргізілуде.

553 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз