Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Наурыз, 2017

Қазақстан әлемнің әдеби картасына енді

Британдық The Independent басылымы әлемнің әдеби картасын жариялады. Әлемнің 197 елі енген картадағы әрбір мемлекет белгілі жазушылардың бір кітабымен белгіленген. Әлемнің әдеби картасына енген Қазақстан Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясымен көрсетілген. Сонымен қатар картаға Орталық Азия елдері де енген. Мысалы, Қырғызстан – Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» повесімен, Тәжікстан – Андрей Волостың «Хуррамабад» романымен, Өзбекстан ­– Том Бисселдің «Теңізді іздеу: Орталық Азияның елестер арасында ғайып болған империясы» («В погоне за морем: Потерянная среди призраков империя в Центральной Азии») еңбегімен ұсынылған. Өкінішке қарай, Түркіменстан бұл картаға енбей қалған. Моңғолияны Чинагийн Галсанның алғаш рет неміс тілінде жарияланған «Көк аспан» романы таныстырады. Қазақстан әлемнің әдеби картасына енді - Фото Сонымен қатар, картаға енген басқа елдерге тоқталып өтсек: Ресей – «Соғыс және Бебітшілік» («Война и Мир» (Лев Толстой), АҚШ – «Қылжақбасты өлтіру» («Убить пересмешника» (Харпер Ли), Қытай – «Қызыл теремдегі ұйқы» («Сон в красном тереме» (Цао Сюэцинь), Канада – «Жасыл мезонинде тұратын Аня» «Аня из Зелёных Мезонинов» (Люси Мод Монтгомери), Украина – «Мұз үстіндегі пикник» («Пикник на льду» (Андрей Курков), Беларусь – «Чернобыль дұғасы» («Чернобыльская молитва» (Светлана Алексиевич), Ұлыбритания – «Тәкаппарлық және теріс ұғым» («Гордость и предубеждение» (Джейн Остин), Швеция – «Дракон татуировкалы бойжеткен» («Девушка с татуировкой дракона» (Стиг Ларссон), Чехия – «Тұрмыстың төзгісіз жеңілдігі» («Невыносимая лёгкость бытия» (Милан Кундера), Германия – «Превращение» (Франц Кафка), Франция – «Шеттетілгендер» («Отверженные» (Виктор Гюго), Түркия – «Менің атым – қызыл» («Имя мне – красный» (Орхан Памук), Оңтүстік Корея – «Вегетариан қыз» («Вегетарианка» (Хан Канг), Жапония – «Желікпе құстың хроникалары» («Хроники заводной птицы» (Харуки Мураками).   ҚазАқпарат агенттігі

701 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз