Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Шілде, 2018

Балалардың терезеден құлауына кім кінәлі?

Бүгін Қарағанды облысында 3 бірдей бүлдіршін терезеден құлап кетті.  Бесінші қабаттан құлаған 4 жасар сәби сол сәтте қыршын қиылды. Абай қаласындағы тұрғынүйлердің биігінен құлаған 1 жасар бүлдіршін ауыр күйде жансақтау бөлімінде жатыр. Ал Теміртаудағы көп қабатты тұрғынүйдің 6-қабатынан құлаған бала аман қалды. Қазір ауруханада ем қабылдауда. Сәбилердің терезеден құлап кетпеуі үшін ата-аналар балаларға немқұрайлы қарамау керек екенін мамандар ескертеді.

-Алтыншы қабаттан терезеден құлаған. Қазіргі күнге жағдайы тұрақты. Теміртау қаласынан бізге санавияциямен алынып келді. Томография жасадық. Тамографияда бас сүйегінің сынығы бар. операция жасауды қажет етпейді. Бүгінгі күнге жағдайы тұрақты. Бала есінде. Жүгіріп, тамақ ішіп жүр,-деді облыстық медицина орталығының дәрігер-нейрохирургы Шолпан Қауымбекова

1655 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз