Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Тамыз, 2019

Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік–маңызды бағыттарда 50 % көлемінде жеңілдік берілді

2019 жылдың 28 тамызынан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жолаушылар тасымалы, қол жүктері, жүктер мен пошта жөнелтілім ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрығы күшіне енді. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.  «Атап айтқанда, бұл өзгерістер заңсыз билет алыпсатарларға қарсы бағытталған шаралардың бірі болып табылады. Ол ең алдымен жолаушылардың ұйымдастырылған тобының жол жүруі мен рәсімделуіне қатысты. Енді заңды тұлғалардан тапсырысты заңды тұлғаның электронды-цифрлық қолы бойынша рәсімдеуге болады, билет бұрынғыдай топтың барлығын бір бланкта емес, әрбір жолаушы бөлек рәсімделеді. Резервке қойылған орындарды сатып алу мен тапсырыс беру мерзімі де өзгертілді. Жолаушылардың ұйымдасқан тобының алғашқы тізіміне өгерістер енгізу бойынша шектеу бар. Қайтарылмайтын депозит көлемі топтың жалпы жол жүру құнының 30% құраса, бұрындары бір орынды резервке қоюға 290 теңге көлемінде алым алынатын», - деп хабарлады Компания ресми өкілі Диас Ахметшәріп. Бұдан басқа, барлық топтағы мүгедек тұлғаларға, сондай-ақ мүгедек-балаларға қатысты ережеге өзгерістер енгізілді. Оларға әлеуметтік–маңызды бағыттарда жол жүру құжатының (билеттің) 50 % көлемінде, ал коммерциялық бағыттарда – тасымалдаушының қалауына қарай жеңілдік берілді. Жолаушылар пойызында темекі тартуға қатаң тыйым салынды. Жолаушының сапардан бас тартуымен байланысты жол жүру құжатын (билетті) қайтару операциясы үшін 1000 теңге көлемінде алым алынып тасталынды.

879 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз