Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 13 Қыркүйек, 2019

Әбілфайыз Ыдырысов дүниеден өтті

Ғалым,  жазушы, қоғам қайраткері, Әбілфайыз Ыдырысов 89 жасында дүниеден өтті.

Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы 23 ақпанда Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Егіндісай ауылында туған.

Өзінің еңбек жолын «Қазақстан пионері» газетінің редакциясында әдеби қызметкер ретінде бастап, бас редактор қызметіне дейін көтерілген. Сондай-ақ, радиода, республикалық басылымдарда тынымсыз еңбек етті.

Өзінің шығармашылық еңбек жолында 800-ден астам публицистикалық мақалалар, очерктер, оқулықтар, «Қазақ журналистикасының тарихы», «Очерк журналистика жанры ретінде», «Баспа өнімдерін әсемдеу» тағы басқа да пәндер бойынша әдістемелік құралдар дайындады. Әбілфайыз Ыдырысов  деректі «Таңшолпан» романының авторы.

 

1219 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз