Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Желтоқсан, 2020

Мысырдан келген жолаушылардың 50%-да ПТР- анықтамасы болмаған

Қазақстанға Мысырдан келген авиажолаушылардың 50%-дан астамында ПТР-анықтамалары болмаған.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 9 желтоқсанда елге Нидерланды, Корея, Египет, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.

1 133 әуе жолаушысының 964-інде ПТР-тестілеу анықтамасы болған, анықтамасыз 169 адам келген. Бәрі де — ҚР азаматтары.

Ал, Мысыр елінен Нұр-сұлтан қаласына келген жолаушылардың 50%-дан астамында COVID-19-ға ПТР-тесттен өткені туралы анықтамалары болмаған.

637 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз