Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 30 Қыркүйек, 2021

«Қазавиаорманқорғау» ұшқыштары күзгі орманды самғау биіктен көрсетті

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімінің бақылаушы-ұшқыштары kazgazeta.kz тілшісіне Іле Алатауындағы күзгі орманды тікұшақ арқылы самғау биіктен көрсетті.

Іле-Алатауы мемлекеттік-ұлттық табиғи паркі өзінің қайталанбас көркемдігімен, мәңгі мұз басқан шыңдары, биік таулары, көк- жасыл ормандары, альпі шалғындарымен ерекшеленеді. Жылдың қай мезгілінде де табиғаты жан-жүрегімізді сұлу сезімге бауратады. Әсіресе, күз келіп, орман-тоғайы алуан түске боялған сәті тіпті ғажап. Бұл жолы орманды әуеден күзететін сала мамандарымен Іле Алатауының Қаскелең орманшылығындағы күзгі реңді әуеден түсірудің сәті түсті. Терең, тар шатқалдарда тығыз орналасқан қарағай, шырша, өрік, алма ағаштары мен аршаның әдемі үйлесімі, биіктен ерекше әдемі келбетке ие. Ендеше, биіктен көрінген таудағы сұлу келбетті назараларыңызға ұсынамыз.

Суретті түсірген-Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

1654 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз