Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 10 Желтоқсан, 2021

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске байқаушы болған елдерге алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа кеңестің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

 «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ЖЕЭК-тің жұмысына конструктивті қатысқаны үшін және Еуразиялық интеграцияның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамын», деді ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының ынтымақтастық бағытындағы елеулі рөлін айтты Өз кезегінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы ретінде жұмысын жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс форматында өткен іс-шараға байқаушы елдер – Куба, Молдова, Өзбекстанның басшыларына да алғысын жеткізді.

506 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз