Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 15 Қаңтар, 2022

Алматыда бәйшешек гүлдеді

Алматыда қаңтар айының ортасында бәйшешек гүлдеді. "Галантус" деп аталатын бәйшешектің мәдени түрін қалалықтар аулаларына жиі отырғызады.

Бәйшешек гүлі өткен жылы ақпан айының сегізінде гүлдеп, қалалықтарды қызықтырған болатын. Биыл ауа-райының бір қалыпты, жылы, қолайлы болуының нәтижесінде жылдағыдан да ерте гүлдеді.

Еске салайық, 13 қаңтар күні әлеуметтік желі қолданушысы Бақытжан Қырықбай есімді азамат Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы Боралдай тауында бәйшешек гүлдегенін жариялаған болатын. Ол суреттер желіде біраз танымал болды.  Ал кеше алғашқылардың бірі болып Алматыда бәйшешектің гүлдеген сәтін фотограф Дмитрий Доценко ұсынды. Ал Олжас Омаров есімді азамат Қаскелең шатқалында Алатау бәйшешегінің 3 қаңтардан бастап гүлдегенін жазып, сурет қалдырған. 

Суретті түсірген-Досжан Балабекұлы

 

2712 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз