Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 22 Сәуір, 2022

Бөртегүл бағы

Алматыдағы Бас Ботаникалық бақта бөртегүл гүлдеді. Бақтың кез-келген жерінен бөртегүлдің жұпары аңқып тұр. Негізінен "Сирингарий" коллекциялық жер телімінде арнайы Бөртегүл бағы бар. Бізді бақ қызметкерлері осы жерге алып барды. Ақ, қызғылт, көк түсті гүлдері ерекше әдемі, бір-бірімен үйлесім тауып тұрғандай.

"Сирингарий" коллекциялық жер телімінінің жалпы ауданы-1,8 га. Коллекцияда бөртегүлдердің (мамыргүл) 23 түрі және Syringa vulgaris L. 107 сұрпы өседі. Тәлімбақта Philadelphus туысының 9 мәдени сұрыптары топталған. Тәлімді 1959 жылы Антонина Федоровна Мельник құрды. Ал алғашқы кураторы - Борис Константинович Дягилев. 

Суретті түсірген-Досжан Балабекұлы

2618 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз