Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 10 Тамыз, 2022

Құлқайыр гүлі

Алматыдағы Бас Ботаникалық бақтың аумағында құлқайыр гүлі гүлдеп тұр. Әлемге латын тіліндегі мальва атымен таныс бұл өсімдіктің әдемі гүлдері көзге бірден түседі. Оның түстері де алуан түрлі. Сондықтан, бақ ішінде бірнеше түсін араластырып ексеңіз, тіпті ерекше атмосфера сыйлайтыны сөзсіз. Бізге бақ қызметкері Искандер Яковлевич құлқайыр (мальва) гүлімен жақынырақ таныстырып өтті. 

Құлқайыр (лат.Malva) – құлқайырлар тұқымдасына жататын бір, екі, көп жылдық өсімдіктер. Қазба қалдықтары миоценнен белгілі. Құлқайырдың Жер шарының қоңыржай белдеулерінде тараған 130, ал Қазақстанда 7 түрі бар. Барлық жерде, әсіресе селдір орманда, бақта, бұта арасында, жол жиегінде өседі. Бүтін, тілімді және саусақ салалы жапырақтары сағақты келеді. Қос жынысты гүл жапырақ қолтығында бірнеше шоғыр құрап, кейде жеке-дара шашақ тәрізді гүл шоғырын түзеді. Тостағаншасы төменгі жағы біріккен 5 жапырақшадан тұрады. Гүл тәжі бес күлтелі, тостағаншасымен бірдей немесе одан ұзындау болады. Қошқыл, алқызыл, қызғылт немесе ақ, күлте жапырақтары жоғары жағында ойық немесе қиық, төменгі жағында сүйірленген тырнақша сияқты. Түбінде шашақ тәрізді түкті немесе жалаңаш, аталықтардан тұратын түтікшесі бар. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, шілде – қарашада жеміс салады. Жемісі құрама, піскеннен кейін жемісшелерге (8 – 16) бөлініп кетеді, тұқымы бүйрек тәрізді. Құлқайырдың кейбір гүлдері медицинада және халықтық медицинада кеңінен қолданылады. 

Суретті түсірген-Досжан Балабекұлы 

1508 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз