- Фотогалерея
- 11 Тамыз, 2022
Ботаникалық бақта бақытгүл гүлдеді

Жаз мезгілі гүлді өсімдіктердің ерекше маусымы. Сондықтан, бұл кезде әрбірінен сұлулықтың көрінісін көріп қалуға асығыңыз. Бүгінгі таныстыратын гүліміз-Бақытгүл деп аталады. Бақша гүлдерінің арасында ең танымал гүлдердің бірі. Қазіргі уақытта бақытгүлі Алматыдағы Бас Ботаникалық бақтың тәлім бағында өсіп тұр. Ендеше гүлдің ерекшеліктеріне бір тоқталып өтейік.
Бақытгүл, хризантема ( лат. Chrysanthemum) – астарлар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер туысы.
Олар негізінде Еуропа, Азия, Африкада таралған, 200-дей түрі белгілі. Елімізде бау-бақшаларда, саябақтарда, гүл шаруашылықтарында шеңберше тәрізді Бақытгүл (C. coronarіum) түрі қолдан өсіріледі. Бақытгүл биіктігі 0,5 – 1,5 м-дей, көп сабақты бұта. Жапырақтары күңгірт жасыл, шеті тегіс не тілімденіп келеді, сабақта кезектесе орналасады. Ақ, қызыл, күлгін түсті гүлдері ірі гүл себетіне топтасып, күрделі гүлшоғырын құрайды.Қазан-қараша айларында жаппай гүлдейді. Бақытгүлді көктем айларында арнаулы жылыжайда, көшетханада алемшелеу әдісімен көбейтеді. Кесіліп, суға салынған Бақытгүл 20 – 25 күнге дейін сақталады.
Фото: Досжан Балабекұлы / Қазақ газеттері

1172 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *