Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 15 Тамыз, 2022

Алматының Бас ботаникалық бағында айва жеміс салды

Раушан гүлдер тұқымдасына жататын айва өсімдігі Алматының Бас Ботаникалық бағында жеміс салды. 

Беже – халық арасында «айва» деген атпен белгілі, ерте көктемде гүлдейтін бұталы өсімдік.  Биіктігі үш метрге дейін өседі. Биік ағаш түрлері де бар. Бірақ көгалдандыруда әдемі гүлдейтін бұталы түрлері ғана қолданылады. Қытай, Жапон елдерінен шығып, әлемге таралған. 1796 жылдан бері қолданыста. Бүгінде беженің көптеген бақшада өсетін түрлері пайда болды. Олар альпі шоқысына егуге арналған (аласа бойлы бұтақты беже, биіктігі 50 см), үш түсті беже (аласа бойлы бұтақты беже, жапырағы үш түстен құралғандықтан осылай аталған) және гибридтік беже. Қазақстанның Оңтүстігіндегі тау беткейлерінің төменгі жағында, әкті топырақта табиғи түрдегі кәдімгі беже өседі. Жылылықты сүйетін табиғи бежені мәдени өсімдікке айналдырылған. Ол климаты жылы аймақта, ылғалды топырақта жақсы өсіп-өнеді. Сәуір айында гүлдейді. Гүлдеп болғаннан кейін жемістері пайда болады. Жемістері ұсақ, қатты, дәмі қышқыл болып келеді. Биіктігі мен ені бір-екі метрдей болатын жапондық беже – көгалдандыруда жиі пайдаланылады. 

Фото: Досжан Балабекұлы

2614 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз