Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 12 Қараша, 2022

Бағалы қағаздар нарығы жеке сектордың дамуымен тығыз байланысты

Қоғамның қаржы секторына деген қызығушылығы нарықтағы бағалы қағаздарға деген сұранысты арттыруда. Осы орайда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының дамуы мен бүгінгі ахуалына қатысты  Jusan Invest компаниясының сарапшыларына бірқатар сұрақ қойған едік.

– Бағалы қағаз – меншік иесінің әртүрлі құқықтарын растайтын құжат. Бағалы қағаздар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Негізгі қағаздар қатарына акция, облигация, вексельдер және банк сертификаттары жатады. Ал туынды қағаздар деп фьючерстер, опциондар және своптарды айтамыз.

Бағалы қағаздар нарығына қа­тысушылардың басты мақсаты – пайда табу. Инвестор өз ақшасын биржада айналымда жүрген бағалы қағаздарға инвестициялап, оны көбейтіп пайда тапқысы келсе, эмитент өз акцияларын немесе облигация­ларын сату арқылы өз компаниясын дамыту үшін ақша көзін табады. Осы екі ортада делдал болатын брокерлер әр мәміледен өз комиссиясын ұстап отыру арқылы ақша жасайды. Бағалы қағаздар нарығы тек пайда алып келумен ғана шектелмей, кейде шығынға ұшыратуы мүмкін. Осындай жағдайлардың пайда болу қаупін төмендету үшін, инвестицияны ойланып жасау керек.

Нарық ережелеріне тоқталатын болсақ, бұл жерде инвестицияға қатысты барлық соңғы шешімді инвестор өзі қабылдауы тиіс. Сондай-ақ қарызға алған ақша немесе соңғы тиынын бағалы қағаздарға салып жіберген дұрыс емес. Бастауыш-инвесторларға кеңес: ең алдымен инвестициялық мақсатыңызды айқындап алыңыз. Сосын сол мақсатқа жетуді жеңілдететін инвест-стратегияңызды құрыңыз. Сол кезде нарық түрлі жағдайларға байланысты ауытқып, құбылғанда дұрыс шешім қабылдау жеңіл болады. Қанша сомадан бастауды білмесеңіз, жұмсаған кезде сізге психологиялық ауыртпалық түсірмейтін сомадан бастауға тырысыңыз. Алдымен аз ақшадан бастап, сосын барынша біліміңізді арттырған жөн. Ол үшін Jusan Invest-тің Jusan Academy деген әлеуметтік жобасы бар. Сонда қор нарығы туралы кез келген адам тегін білім алуына бар мүмкіндікті жасап қойдық. Нарық қалай жұмыс істейді, қалай табыс табуға болады және қаржы сауаттылығына қатысты басқа да тақырыптардың бәрін Academy-де қамтуға тырыстық.

– Қазақстан қор биржаларында азаматтар қандай бағалы қағаздарды сатып алуына болады?

– Қазақстан азаматтары KASE биржасында сатылатын барлық қаржы құралдарын сатып ала алады. Олардың қатарында қазақстандық компания акциялары мен облигациялары, Ұлттық банк, Қаржы министрлігі сияқты мемлекеттік ұйымдар шығаратын бағалы қағаздар, сондай-ақ Kase Global тізіміндегі шетелдік ірі компаниялардың акциясын алуға мүмкіндік бар. Одан бөлек, инвестициялық пай қорлары да еліміздегі брокерлерге қолжетімді. Jusan Invest басқаратын пай қорла­рымен таныстырып өткеніміз жөн. Өйткені, бізде 1 теңгеден бастап инвестициялауға болатын қорлар бар. Мысалы, harMONEY инвестициялық пай қоры биржадан онша хабары жоқ адамдарға өте тиімді. Өйткені, мұнда қаржы жоғалту қатері төмен, тұрақты секторларға инвестиция жасайды және ең бастысы қалаған сомадан бастауға болады. Мысалы, сіз үшін 10 000 теңгені қор нарығына инвестициялау тым көп болса, онда 100 теңгеден, тіпті 1-2 теңгеден бастап ақша салсаңыз болады. Қор корпоратив және тәуелсіз облигацияларға, дамыған және дамушы елдер эмитенттерінің акцияларына, алтын өндірумен айналысатын компанияларға инвестициялайды. Ал кірісі 1 жылда 6,27%-ды құрады. Пай қоры іске қосылғаннан бері 8,72% кіріс көрсетті. Одан бөлек allGA атты доллармен инвестиция жасауға болатын ИПҚ бар. Бұл пай қоры алдағы уақытта инвесторларға дивиденд төлейді. Қазақстандық қор биржаларында сатып алуға болатын бағалы қағаздардың бәрі Jusan қосымшасында бар. Ол үшін тек брокерлік шот ашсаңыз жеткілікті.

– Облигация мен депозиттердің, акцияның айырмашылығы, артықшы­лықтары қандай?

– Мемлекеттік облигациялар (немесе басқа сенімді облигациялар) және банктегі депозиттердің әртүрлі деңгейде өз тәуекелдері бар. Несие тәуекелі (капиталды қайтару) көзқарасынан қарайтын болсақ, мемлекеттік облигациялар банк де­по­зиттеріне қарағанда сенімдірек. Бірақ депозитте нарықтағы пайыздық мөлшерлеме өзгеру қаупі жоқ (депозит істеп тұрған кезде ондай өзгерістер болмайды), ал облигацияда пайыздық мөлшерлеме өзгеруі мүмкін. Осылайша, нарықтағы пайыздық мөлшерлеме өссе, облигация құны төмендейді. Керісінше, мөлшерлеме төмендеген сайын, облигация құны өседі.

Акцияларға келетін болсақ, бел­гілі бір жағдайда кейбір акциялар өсіп, ал кейбірі құлдырауы мүмкін. Дұрыс стратегия жасалса, акциялар облигация мен банк депозиттеріне қарағанда өте жоғары табыс алып келеді. Қазіргі кезде біз қорғаныс акциялары, электрокөліктер шығарғанда қолданатын жасыл металдар, жалпы жасыл энергетика мен негізгі шикізаттарға инвестициялаған дұрыс деп есептейміз. Бұл тек тәжірибелі инвесторларға арналған стратегия. Бастауыш-инвесторлар мен ақшасы онша көп емес инвесторларға отандық компаниялардан Халық банк, Қазақ­телеком, ҚазТрансОйл, Қазато­мөнер­кәсіп акцияларын ұсынамыз.

– Елімізде бағалы қағаздар нары­ғының даму деңгейі қаншалықты?

– Қазақстан аумағында 25-ке жуық брокерлік компания жұмыс істейді. Олардың тізімін КАСЕ сайтынан таба аласыздар. Заманауи брокерлер бағалы қағаздарды сатып алу бойынша барлық мәмілелерді онлайн түрде өткізеді. Әрқайсысының мобильді қосымшасы немесе онлайн платформасы бар. Брокерлік шоттар да онлайн ашылып, қашықтан қызмет көрсетіледі. Осылайша, еліміздің түкпір-түкпірінде өмір сүретін әр азамат инвестиция жасап, табыс табу мүмкіндігіне ие. Жаңа технология­лар брокерлік компаниялардың жұмысына жаңа серпін берді. Қазір кеңсеге келу қажеттілігі жоқ. Клиенттердің кез келген сұрағына жауап беріп, демалыс күндері және түнге дейін жұмыс істейтін колл-орталықтар бар. Мобильді қосымшалар сауда платформасынан бөлек, инвестициялық идеялар алуға, басқа инвесторлармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, брокерлік шотты онлайн толтыруға болады. Қазақстандық брокерлер арқылы АҚШ, ЕО биржалары сияқты халық­аралық нарықтар мен жергілікті на­рықта сауда жасай аласыз.

Қазіргі уақытта бағалы қағаздар­ды таңдау мүмкіндігі шектеулі десек болады. Әрине, КАСЕ-де сатылатын акцияларға инвестициялаудың салық жеңілдіктері мен ыңғайлы болуы жағынан өз артықшылықтары бар. Бірақ салмақты портфель жинағысы келген инвестор үшін тек біздің нарықта көрсетілген қағаздар аз болып қалуы мүмкін. Мысалы, КАСЕ деректеріне сүйенсек, сауда-саттық көлемі 2017 жылы 151,5 трлн теңге болса, 2021 жылы 174,4 трлн теңгеге жеткен. Бірақ сауда-саттықтың басым бөлігі ақша нарығына (2021 жылғы сауда көлемінің 87,7%-ы), яғни банктер арасындағы сауда-саттыққа тиесілі екенін атап өткен жөн.

Елімізде жүйе құраушы компа­нияның IPO-ға шығуы нарықтың дамуына жақсы әсер етеді. Бұл нарыққа жергілікті инвесторлардың ғана емес, шетелдіктердің қызығушылын арттырады. Жергілікті бағалы қағаздар нарығын дамыту елдегі жеке экономика секторының дамуымен тығыз байланысты. Ел экономикасы құры­лымында мықты көрсеткіштері бар сәтті бизнеспен бірге жергілікті инвес­торларға қолжетімді қаржы құрал­дарының болуы Қазақстан қор нарығына деген қызығушылықты барынша арттыруы мүмкін.

– Елімізде жоғары сұранысқа ие бағалы қағаз түрлері қандай?

– Бұл ретте Қазақстан қор биржасы Қаржы министрлігі мен Ұлттық банктің мемлекеттік облигациялары, сенімді корпоративтік облигациялар, түрлі тәуекел деңгейі мен бағыттар бойынша инвестициялық пай қорлары және акциялар сияқты қаржы құралдарымен мәміле жасау сияқты үлкен инвестициялық құралдар тізімін ұсынады.

Қазақстандықтар арасында қор нарығына деген сұраныс артып келеді. Оған ақпан айында Jusan Invest компаниясында жүз мыңыншы клиенттің шот ашуы дәлел. Осылайша біз ашылған шоттар бойынша көшбасшы компаниялардың біріне айналғанымызды атап өткім келеді. Бағалы қағаздар нарығының көпшілік арасында сұранысқа ие болуына онлайн қызметтердің жақсарғаны өз септігін тигізді. Смартфон арқылы бірнеше минуттың ішінде тіркеліп, инвестор болып шыға келесіз. Бұл да көпшілік арасында инвестицияға деген қызығушылықты арттырып отыр деп айта аламыз. Ұлттық компаниялар IPO-сына қатысқан инвесторлар саны халық арасында қор биржасына деген сұраныс барын көрсетті. Мысалы, сонау 2012 жылы IPO-ға шыққан ҚазТрансОйл компаниясының ак­цияларын алу үшін 34 676 адам 59,4 млрд теңгеге, ал KEGOC IPO-сына қатысу үшін 41 989 адам 16,7 млрд теңгеге өтініш бергені есімізде. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығына деген сұра­ныстың артқанына инвести­ция­лық компанияларға басқаруға берілген зейнетақы активтер көлемін мысал ретінде келтіруге болады. Тек Jusan Invest басқаруындағы зейнетақы активтерінің таза құны 4088,4 млн теңгені құрайды. Осы цифрларға қарап-ақ, Қазақстанда қор нарығы арқылы табыс табу «сәнге» айналып келе жатыр деуге болады. Өйткені, ережелер барынша түсінікті, барлығын қолдағы смартфон арқылы ешқайда бармай-ақ жасай аласыз.

– Азаматтар брокерлік компанияларды таңдар алдында алданып қалмас үшін неге назар аударуы қажет?

–  Алаяқтар әлеуметтік желі, СМС және қоңыраулар көмегімен ақшаны онлайн түрде алып қою жолдарын біледі. Сізге олар өте жоғары пайыз мөлшерінде ақша салуды ұсынып, кепілдік табыс табасыз деп уәде береді. Оған қоса жақындарыңызды осы жобаға ақша салуға шақырыңыз дейді. Мұндай жағдайда өте сақ болыңыз! Табысты инвестициялық компания болып көрінгенімен, қаржы пирамидасы болып шығуы мүмкін.

Қаржы пирамидасы – қаражатты пирамиданың төменгі жағындағы қатысушыларынан жоғарыда тұрған­дарға қарай бөлу арқылы табыс табу моделі. Яғни пирамиданың жоға­ры жағында тұрғандар әр қашан төмендегілерге қарағанда көбірек табыс табады. Көп жағдайда, қаржы пирамидалары өзін инвестициялық қор, брокерлік компания және түрлі коммерциялық жоба ретінде таныстырады. Олар сіздің ақшаңызды жоғары табыс алып келетін қаржы құралдары мен пайдасы мол жобаларға саламыз деп сендіреді. Мысалы, акция мен облигацияларды сатып алуды ұсынып, ақшаны табысы жоғары құрылыс істеріне, алтын өндіру және тиімді өнеркәсіп орындарына саламыз деп уәде береді.

– Брокерді қалай таңдау керек?

– Ең алдымен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушы деген лицензиясы барын тексеріңіз. Қадағалаушы орган сайтында брокердің лицензиясын тексеруге болады. Брокер ұсынған келісім-шарттағы компания атауы реестрде көрсетілген атаумен толық сай келетініне көз жеткізіңіз. Ірі брокерлер тізімімен танысып шығыңыз. Ол тізімді КАСЕ сайтынан таба аласыз. Брокер сайтын зерттеңіз, компания тарихына үңіліңіз. Қаржыға қатысты даулар болмағанына назар аударыңыз. Сонымен қатар, брокерлік қызмет көрсету шартын жіті оқып шығыңыз.

– Базалық мөлшерлеменің эмитенттерге немесе инвесторларға әсері қаншалықты?

– Базалық мөлшерлеме – Ұлттық банктің инфляцияға әсер етудегі ең басты құралы. Инфляция Ұлттық банк бекіткен дәлізден асып кету қауіпі туғанда, қадағалаушы ұйым экономикадағы өтімділікті құрбан етіп, мөлшерлемені көтеруге мәж­бүр болады. Нәтижесінде несие қым­баттап, экономикадағы ақша мөлшері азаяды. Осының салдары қор нарығына кері әсер етеді. Ал инфляция төмендегенде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені түсіруі керек. Бұл да өз кезегінде эмитенттер мен инвесторларға жақсы әсер етеді.

Гауһар ТҮСТІКБАЕВА

615 рет

көрсетілді

5

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Sophia Roy

21 Қараша, 2022

Hi, I am getting in touch to present a valuable guest post offer for your website which will help boosting your traffic as well as build links. You will just have to publish it on your site with my backlink. Interested in working together on this? If yes, I’ll send you the topics. Looking forward to hearing from you. Best, Sophia Roy

Karina Song

22 Қараша, 2022

Dear kazgazeta.kz team, We can skyrocket your Google rankings in a short time with completely whitehat links and technical seo service. Please check our profile on fiverr: https://go.fiverr.com/visit/?bta=570412&brand=fiverrhybrid&landingPage=https2F%2Fwww.fiverr.com2Fmanually-build-150-high-pr-backlinks Please check tons of 5 star reviews on our Fiverr gig

Qasim Ashfaq

22 Қараша, 2022

Hi, I intend to contribute a guest post to your website that will help you get good traffic as well as interest your readers. Shall I send you the topics then? Best, Qasim Ashfaq

Mary J. Williams

24 Қараша, 2022

Hi, This is an open job position to be a website chat assistant. We currently have lots of different businesses hiring for these positions in all countries right now. Website chat assistants are the people who answer the customer’s live chat support or sales questions on a business’s website. The work is done online, normally from home. Click here:- https://bit.ly/Social-Sale-Representative to complete your application if you are interested. What you will be doing: You will go through a short training program to get familiar with the job and the business that you are working for. Then your daily task will be to log in to the business’s website live chat feature and respond to customer questions. Some will be for support and some will be sales-related. You will be given documentation with answers to the most common questions and you will have full support from our team as well. Contract length: No fixed term Rate: $270 per day Skills/background needed: Must have a device able to access social media and website chat functions (Phone/Tablet/Laptop). Be able to work independently. Ability to closely follow provided steps and instructions. Have 8 hours availability per day. Reliable internet connection. Hours per day: 8 hours per day Location: Remote work online (English Speaking preferred). Website Chat Assistants are in huge demand worldwide right now. Looking out for you, Mary J. Williams Hiring Dept Socialsalerep™

Mary J. Williams

24 Қараша, 2022

Hi, This is an open job position to be a website chat assistant. We currently have lots of different businesses hiring for these positions in all countries right now. Website chat assistants are the people who answer the customer’s live chat support or sales questions on a business’s website. The work is done online, normally from home. Click here:- https://bit.ly/Social-Sale-Representative to complete your application if you are interested. What you will be doing: You will go through a short training program to get familiar with the job and the business that you are working for. Then your daily task will be to log in to the business’s website live chat feature and respond to customer questions. Some will be for support and some will be sales-related. You will be given documentation with answers to the most common questions and you will have full support from our team as well. Contract length: No fixed term Rate: $270 per day Skills/background needed: Must have a device able to access social media and website chat functions (Phone/Tablet/Laptop). Be able to work independently. Ability to closely follow provided steps and instructions. Have 8 hours availability per day. Reliable internet connection. Hours per day: 8 hours per day Location: Remote work online (English Speaking preferred). Website Chat Assistants are in huge demand worldwide right now. Looking out for you, Mary J. Williams Hiring Dept Socialsalerep™