Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Қараша, 2022

Сыршыл лириканың сұлтаны...

ҚР Ұлттық кітапханада Н. Даулетова атындағы залында көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойына орай «Сыршыл лириканың сұлтаны» атты еске алу кеші өтті.

Кешті ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, жүргізді. Шараға сыншы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекен Ыбыраймов, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Н.Ақыш, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақ, жазушы, ақын Жұмат Әнесұлы және т.б. қатысты.

Шара барысында белгілі композитор, ҚР мәдениет қайраткері Болат Ашербаев Сырбай Мәуленовтің сөзіне жазылған «Тарбағатай таулары» әнін орындады.

Кеште әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің 1-курс студенттері Сырбай Мәуленовтің өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды. Бұл кеште студенттер Сырбай Мәуленов туралы ақпараттар, өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелер тыңдады. ҚР Ұлттық кітапхана басшылығы студенттерімізге Алғыс хат пен кітаптар сыйға тарту етті

Қорыта айтқанда Сырбай Мәуленовтің әдебиет әлемінде алар орны зор. Оның сырға толы өлеңдері мәңгі халықтың жүрегінде.

Жадыра Қазиева,

ҚазҰУ-дың философия кафедрасының аға оқытушысы

280 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз