Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 22 Ақпан, 2024

Александр Бублик Доха турнирінің жартылай финалынан тыс қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Александр Бублик Доха ATP 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Жарыстың 4-ракеткасы А.Бублик ширек финалда рейтингіде 46-орында тұрған Аустралия өкілі Алексей Попыринмен күш сынасты.

Бірінші партияда аустралиялық теннисшіге бір брейк жеткілікті болды - 6:4.

Екінші сәтте ол 5:2 есебімен алға кетіп, матчқа доп берді. Бұдан кейін Бублик есепті қысқартқанымен, одан әріге шамасы жетпеді - 4:6.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 5 эйс жасап, 1 брейк-пойнтты пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

560 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз