Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 23 Ақпан, 2024

Қазақстан құрамасы велотректен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында велотректен ересектер арасында 43-ші, жасөспірімдер арасындағы 30-шы, пара-спортшылар арасындағы 12-ші Азия чемпионаты басталды.

Бəсекенің алғашқы күні із кесу жарысында Қазақстан ерлер құрамасы (Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов) командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді.

Олардың уақыт көрсеткіші - 4:03.129 секунд. Алтын медаль Жапония құрамасының еншісінде болса, күміс Қытай еліне бұйырды.

Квартира в ЖК Кристалл от 306,350 тенге в месяц

Сондай-ақ тағы бір отандық құрам спринттен (Кирилл Курдиди, Дмитрий Резанов, Сергей Пономарев) 5-сатыға жайғасты.

Сары құрлық додасына биыл 23 елдің үздіктері жиналды.

Еліміздің намысын 9 спортшы қорғап жатыр. Азия біріншілігі 26 ақпанға дейін жалғасады.

554 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз