Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 03 Сәуір, 2024

Ұзынкөл ауылынан 750 адам эвакуацияланды

Егістіктерден еріген қар суының үлкен көлемінің Ұзынкөл су қоймасына ағуына байланысты оның толып кетіп, Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Ұзынкөл кентін су басу қаупі туындады. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлайды. 

Осыған байланысты Теректі ауданы Подстепное ауылында және Орал қаласында халықты алдын ала эвакуациялау жүргізілді. Барлығы 750 адам, оның ішінде 230 бала эвакуацияланды.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу және эвакуациялау үшін 112 адам және 39 бірлік ТЖМ, ЖАО, ПД түрлі техникасы жұмылдырылды. Су қоймасы бөгетінің денесін нығайту бойынша іс-шаралар жүргізілуде, жұмыстар жалғасуда. Ұзынкөл су қоймасы бұзылған жағдайда Ұзынкөл, Юбилейное, Кемер, Жаңа Өмір және Барбастау ауылдарын су басу қаупі бар.

Фото: дереккөзден алынды

171 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз