Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 03 Сәуір, 2024

Көкпекті ауданы Биғаш ауылындағы жағдай тұрақты

Қардың қарқынды еруі нәтижесінде өзендегі су деңгейінің көтерілуі тіркелді. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлайды.

Абай облысының ТЖД, ЖАО және «Қазселденқорғау» ММ күштерімен еріген суды бұру бойынша алдын-алу шаралары жүргізілді.

Қабылданған шаралардың арқасында су деңгейінің төмендеуі байқалады.

Қазіргі уақытта Көкпекті ауданы Биғаш ауылындағы жағдай тұрақты.

Елді-мекенді су басуға жол бермеу жөніндегі алдын алу іс-шаралары жалғасуда.

Аула аумақтары мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Естеріңізге салсақ, 29 наурыз күні Ақсуат ауданы тарапынан Биғаш ауылы аумағына еріген қарсуының көп мөлшерде келгені тіркелген болатын.

Фото: gov.kz

130 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз