Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Сәуір, 2024

Қазақ және Қытай ғалымдары экология және жер рестурастары мәселелерін бірлесіп зерттейді

Бейжіңде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы мен Қытай Ғылым академиясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Енді академиялар ауыл шаруашылығы, медицина, сондай-ақ ғарыштық зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамытатын болады.   

ҚР ҰҒА вице-президенті Ләззат Ералиеваның айтуынша, бұл келісім болашақта ғарыш, агробиоресурстар, экология және медицина саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді көздейді.

- Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтудағы аса маңызды қадам болмақ. Алдағы уақытта өзара ынтымақтастық күшейе түседі, - деді ол. 

Қазақстан Ғылым академиясы 1946 жылы құрылды. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының мемлекеттік мәртебесі қайтарылды.

Қытай Ғылым академиясы 1949 жылы құрылған және ҚХР жаратылыстану ғылымдары саласындағы іргелі зерттеулердің жетекші орталығы саналады. Оның құрылымы 100-ден астам ғылыми-зерттеу институттары мен үш университеттен тұрады. 

Бүгінде Қазақстан мен ҚХР мемлекет басшыларының қолдауымен екі ел арасындағы экономикалық байланыстармен қатар, ғылым-зерттеу ұйымдары мен жоғары білім беру мекемелерінің ынтымақтастық кеңейіп келе жатқаны айқын. Соның бір дәлелі – Қазақстанда Ұлттық ғылым академиясы жанынан «Қазақ-Қытай ғылыми орталығын» құру туралы шешім қабылданды. 

Сонымен қатар, тараптар Ұлы Жібек жолында орналасқан көрші елдердің ауыл шаруашылығы үшін ғылым мен білім саласындағы өзара іс-шараларды үйлестіру мақсатында Су үнемдеу технологияларын енгізу және құрғақшылыққа қарсы күрес ғылыми-зерттеу орталығын құруға уағдаласты.

180 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз