Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 15 Наурыз, 2016

Жарқын Түсіпбекұлы,саясаттанушы: Кітап оқып, маман бол немесе кітап оқымайтындарға кеңес!

Адам миын дамытудың бірден-бір құралы ол – кітап оқыту. Статистика бойынша, егер 4-5 жасар балаға күн сайын кітап оқып беретін болса, онда олар өз құрдастарын дамуы жағынан 12 айға озады екен (Мельбурн университеті, 2012 жыл). «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.

Бүгін біз сіздерге, Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының жанынан ашылған, Т.Мұстафин атындағы кітапханаға өз еңбектері мен құнды кіаптарын сыйға тартып, "Патриот" клубында қонақта болған, белгілі саясаттанушы, блогер, Aynaline.kz жастар сайтының Бас редакторы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі  Жарқын Түсіпбекұлынан алған сұхбатымызды ұсынамыз.

Жарқын Түсіпбекұлымен

—Жарқын Түсіпбекұлы, сіздің бүгінгі кездесуіңіз кітапханада өтті. Сонымен қатар, өзіңіз де жай лекция оқып қоймай, жеке кітап қорыңыздағы кітаптарды да сыйға тартып отырсыз. Жалпы, кітап оқу мәдениеті қандай болу керек? Сіздің маман болып қалыптасуыңыз да, тұлға болуыңызда қандай кітаптар ықпал етті? Кітаптың сіздің өміріңізде алатын орны қандай?

—Мектепте оқып жүргенде, менің өзімнің анам қазақ тілі мен әдебиетінің маманы болғандықтан, қазақ ертегілерінен бастап, жасқа икемделген анамның жеке кітапханасындағы  «сүйекті» деген мықты шығармалардың барлығын оқып шығуға тырыстым. Мысалы, Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң», «Үркер» деген шығармалары, Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» деген шығармасы өте керемет және тарихи романдары оқушыға ауыр, бірақ өзімді қинап оқытуға тура келді. Жалпы, саясаттануға келгенде, мен ғылыми жағынан қарағанда, публисцистика, газет-журналдар оқу дегенге бейім болып келдім. Оқу бітіріп, әке-шешеден келген кез,  жаңа орта, орыс тілді орта, үлкен қала өзіме таңсық мақалаларды оқып бастадым, түсіне алмаймын, себебі менде әлі фундаменттік білім жоқ болды. Сондықтан, ғылыми әдебиеттерге сол кезден бастап, ақырын көңіл бөле бастадым. Саясаттанушылардың негізгі қасиетті кітабы болу керек деп ойлайтын, Аристотельдің «Саясат» деген кітабы, «макиавеллизмнің»  дәуірі өтіп кеткенмен, оның  «Государь» деген еңбегі  классика болып қалады. Мысалы, Макиавелли былай айтқан екен: «Макиавеллизм Макиавеллидің өзіне үлкен, яғни, бұрын бар нәрсені, жай ғана ғылымға икемдедім» дейді. «Мақсатқа жету үшін барлық амал-айланы қолдануға болады» деген сөздерімен өзінің идеясын ақтайды. Сосын, біздегі философтарды көп жағынан оқымай жатады. Студенттердің логикасын, ойлау қабілеттерін арттыруға философиялық еңбектердің көмегі көп. Саясатта алғаш келгенде, Шарль Луи Монтескьенің, Ж.Ж. Руссоның «Биліктің үш тармағын қалай бөлгенін» Дж. Локктың «Саяси билік» туралы шығармаларын оқуға тура келді. Осылар менің ақырындап, студент кезімде маман болып қалыптасуыма өзінің ықпалын тигізе бастады. Публисцистика менің оқушы кезімнен қалыптасып кеткеннен кейін, ғылым екеуін жақсы ұштастырып, журналисткада, соның ішінде, саяси журналистикада еркін жүруге, сол салада мақала жазып көрінуге мүмкіндік берді. Әрине, кітап адам жанын байытатын дүние. Адам – жан деген нәрсені өсе келе түсінеді. Біз көбінесе өзіміздің сыртқы келбетімізге ғана көңіл бөлеміз. Адам жаны да қарны ашады. Біреу оны діни сеніммен толтырады. Мысалы, мен діни шарттарды орындамаймын, бірақ бір күн, екі күн кітап оқымай қалсам, бір жерден қалып қойған сияқты боламын. Адам жаңадан кітап оқып бастайды, бірақ ол оған ауыр болуы мүмкін. Бетін қайырып қойып біраз жүреді, соңынан сол күйі оқылмай қалып қояды. Ал, оның оқу тәртібін мен Әлихан Байменовтің бір сұхбатынан оқығам. Екі-үш кітапты шын оқимын деген адам оңай алып жүреді екен. Сондықтан, мен тілім жұтаңдап кетпеу үшін бір әдеби кітап, бір жаңа медиа туралы, мысалы, қазіргі қызықты деген интернет әлеміндегі жаңадан шығып жатқан кітаптар, сосын өзіміздің классикалық саясатқа қатысты еңбектерді қатар алып жүруге тырысамын. Соның ішінде біреуі сенің «IQ» дейді ғой, ойлау қабілетіңе ауыр болуы мүмкін, ал оны сен мына екінші кітаптан кейін түсінуің мүмкін. Бірақ, барлығын қатар алып жүре беруге болады.  Содан кейін, кітап оқудың жүйелі әдісі, қазір лайфхак деген бар, яғни пайдалы кеңестер, саясаттанушыға қажет, 100 кітап демей-ақ қояйын, ең негізгі 50 кітап. Соны ғана оқыса, үлкен қадам.  Кітап оқудың да өзінің бір жауапкершіліктері бар. Кітаптарды негізінен қайталап оқуға да тырысамын. Этнограф, ғалым Ақселеу Сейдімбектің айтқаны бар: «Адам 200 кітапты дұрыс таңдап, үйге алып келіп қойып, қайталап оқи берсе де, білімі кемімейді, керісінше, интеллекті өсе береді», дейді. Қайталау білімнің анасы деп те бекер айтылмайды. Өз басым «Абай жолын» үш рет қайталап оқып шықтым. Әр оқыған сайын, жаңа көзқарастар аласын. Адам болып қалыптасу үшін, тек қана кітап емес, кітап желісімен жазылған киноларды да көруге тырысамын. Жай, ойдан шығарылған, фантастикалық кинолар емес, адам өмірінен алынған, өмірде кездесетін киноларды көремін.

—Бұрын сіз студент болып оқып жүргенде (2002-2006 жж) кафедра саясаттану деп аталатын, қазір енді саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы атауына өзгерді. Сонымен қатар, тағы бір үлкен жаңалық кафедраның жанынан кітапхана ашылып отыр. Ашылғанына көп болмаса да, кітап қоры 2000-нан асып қалыпты Осы кітапханаға пікіріңіз қандай? Қандай ерекшелік көресіз?

—Бұл істің басы-қасында Досым Сәтпаев атсалысып  жүр ғой. Ол кісі бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін, шынайы, жан салып жұмыс істейтін азамат.  Оның былай қоғамдық жұмыстар мен саясаттанудан бөлек, «Опера және балет» театрында, соның музейімен де хобби ретінде айналысады. Менің ойымша, бұл да Досым Сатпаевтың сондай бір өзінің жан қалауымен кіріскен жобасы сияқты. Біз сырттан бақылап отырдық. Әрине, шақырған кезде болды, жұмыс барысы бар келе алмаймыз, бір жағынан, еңбегім де дайын болмай тұрды. Сонымен де барайын дедім, жаңалық, ақпараттық себеп болсын деп. Досым Сатпаев кітапхананы ашқан кезде айтты: «Бұл – Алматы қаласындағы белді кітапханалардың бірі болады». Кейіннен, бұл Қазақстан да жоқ нәрсе екені белгілі болды. Кеше тұсауы кесілген Вадим Борейконың кітабында осы жоба жалпы Орталық Азияда саяси ғылым саласында жүрген азаматтардың жүйеленген кітапхана ретінде алғаш ашуы екен.

Меніңше, біз бұрын студент кезімізде кітап сатып алуға жағдайымыз келмейтін. Біз бары теорияны ғана оқыдық. Сондықтан, өзім де әдейі практикалық кітаптарды алып келдім. Студенттің жағдайы белгілі ғой. Соған бұл қосымша мүмкіндік, бір жағынан жүйеленген, мысалы, халықаралық қатынастар қажет болса, мына кітаптар шоғыры тұрады. Ішкі саясат па, идеология ма қажетті кітаптар бөлінген, әрі икемді уақытың да көп кетпейді. Бұрын бізге ұлттық кітапханада жарты сағатсыз кітап бермейтін, кезекте тұратынбыз. Сол жағынан алғанда бұл студенттерге ең ыңғайлы, ең тиімді. Осы кітаптарды  оқып шыққан  маманның өзі, ешбір маманнан кем түспейді деп ойлаймын. Жалпы бұл кітап оқу мәдениетіне жаңа серпіліс берген дүние деп есептеймін.

 11

—Сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады деген сөз бар. Бұл саясаттанудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Саясаттанушы мамандарды дайындауда қандай реформалар жасау керек деп ойлайсыз? Қандай кемшіліктер бар?

Мен енді өзім магистратура бітіргеннен кейін, оқытушылыққа араласқан жоқпын. Педагогикалық тәжірибем аз. Бірақ, алып қарайтын болсақ, теория жағынан кем түспейді. Теория жағынан, осы кафедрада мықты мамандар жұмыс істейді. Өзіме сабақ берген ұстаздардың әлі жүргенін көрдім. Адам көбіне практика жағынан кемшін түсіп жатады. Мысалы, біздің журналистикада  осындай проблема бар. Өмірі кафедрадан шығып көрмеген мұғалім журналист дайындайды. Оған журналистикадан тәжірибесі мол мамандарды тарту қажет. Екіншіден, тағы бір жетіспейін нәрсе, ол – саясаттанушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқу мәдениеті бөлек. Соны қорытып, айта алу да үлкен өнер. Сөйлеу мәдениеті қазір көптеген форматтағы интернетте кездесулер бар. Мен өзім «Тед» форматын ұнатамын. Тед форматында мысалыға түлектермен кездесу өткізу. Алғашқы бесеуін шақырып деген сияқты. Бұл ақырын айналымға енсе, факультеттің ішінде де, кафедарның ішінде де жүре береді. Студенттердің барлығына бір кітапты оқытып қинамау керек, уақыт та аз ғой қазір. Бір кітапты бір балаға беріп,  соның түсіндірмесін ол келесі жолы жиналған қауымға айтып берсе, оның ішінде екінші біреу екінші кітапты айтып берсе,  бір мезетте екі-үш кітап оқығанмен тең. Бәрін қамтымаса да, өзі оқығандай болмайды әрине, бірақ негізгі түсініктері қалыптасады ғой. Қызықса өзі  іздеп ары қарай сол кітапты оқуға болады. Сондай форматтарды енгізсе нұр үстіне нұр, мынау қазір қолға алынып жатқан жаңаша форматтар.

—Саясаттануды бітірген алдыңғы буын аға ретінде, биыл бітіріп жатқан түлектерге қай салаға барып жұмыс істеуге кеңес бересіз?

 Біріншіден, кез-кеген мамандықта оқыған адамның өзіне байланысты. Оның жүріс-тұрысын интеллектуалдық деңгейі анықтайды. Екіншіден, саясаттану мамандығын түсініп оқыған адам үшін баратын жер көп. Мысалы, оқытушылық. Қазір барлық оқу орындарында саясаттану міндетті оқу пәні. Сондықтан олар үшін сұраныс бар. Екінші, қазір саяси партиялардың қатары өсіп келеді. Биыл өтетін сайлауға алты бірдей партия қатысып жатыр. Менің ішкі жорамалым бойынша, кемінде төрт партия өтеді. Олардың әрқайсысының аппараты,жұмысшылары болады. Саяси партиялр да жұмы істеуге болады. Қазір қоғамдық ұйымдар бар. ТОО ретінде тіркелген зерттеу институттары бар. Мысалы, тапсырыстар. Бір қаланың халқының жағдайына зерттеу жасау керек. Сондай орталықтарға тапсырыстар, тэндрлар, гранттар бар. Орталық құру арқылы жұмыс істеуге болады. Ақпарат құралдарының кез-келген саласында істеуге болады. Мысалы, мен өзім журналистикада оқыған жоқпын. Бірақ, газет, сайт, радио, телевидение төртеуінде де істеп шықтым. Оны да қолында журналистік дипломы бар журналисттің көбісі  істеген жоқ. Тіл білген адамға елшіліктер де істеуге болады. Бәрі адамның өзіне байланысты.

Жарқын Түсіпбекұлы—Қазіргі жастардан қандай ерекшеліктер байқайсыз?

Қазіргі жастар еркін ойлайды, тіл біледі, интернет пен техниканы меңгерген. Мүмкіндіктер көп. Сондықтан, олар үнемі трендте жүреді. Кез-келген оиғадан хабардар. Сол туралы бір-біріне ойын айта алады. Шет елге шығып тәжірибе алуға да болады. Мен 2002 жылы оқуға түскенде, саясаттанудан маман дайындайтын қазақ бөлімі ашылғанына екі-ақ жыл болған. База жоқ. Көп тілдік кедергілер болды. Сондықтан, студенттерге керек болар деп қазақ тілінде жазып шыққан кітабымды беріп отырмын. Біреуге ой салса. Болашақта жаңа медиа, интернет, әлеуметтік желілер қоғамдық-саяси процесстердің  ауа-райын бақылайтын, қоғамдық пікірді дөп басатын құралға айналады. Қазірдің өзінде айналып келе жатыр. Сондықтан, қазірден бастап, сондай салаға мамандар ақырындап бейімделе бергені дұрыс. Қазір өзіңнің жеке аналитикалық блогыңды сарапшы ретінде жүргізуге болады. Өз қабілетіңді көрсетуге мүмкіндік көп.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының ІІ курс магистранты Тұрсынқұлов Даурен

2157 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз