Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 16 Тамыз, 2022

Екібастұз қаласының әкімі тағайындалды

Аян Бейсекин Екібастұз қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды   Kazgazeta.kz   Павлодар облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

"Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз активі алдында қаланың жаңа әкімін таныстырды. Бұл лауазымға осыған дейін Ертіс ауданының әкімі болған Аян Бейсекин тағайындалды. Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов қала әкімі алдында тұрған басты міндеттерді айқындап берді", - делінген хабарламада.

Павлодар облысының тумасы Аян Бейсекин өзі туған Ертіс ауданын 2019 жылдан бері басқарған. Оған дейін Павлодар қаласы және Железин ауданы әкімінің орынбасары болған. 2015 жылдан 2017 жылға дейін Бейсекин Алматы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Мегаполиске дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік жүйесі мен жеке меншік секторда жұмыс істеген.

Аян Бейсекин – Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, "Болашақ" бағдарламасының түлегі. 2008 жылы Лев Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдап, 2013 жылы Ломоносов атындағы ММУ мемлекеттік әкімгерлік магистрі атағына ие болған.

335 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз