- Құмсағат
- 20 Ақпан, 2024
Қазақстандық спортшылар Тегеранда 12 медаль жеңіп алды
Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранда жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Биылғы бәсекеде Қазақстан спортшылары 4 алтын, 2 күміс пен 6 қола жүлдеге қол жеткізді.
Шешуші жарыс күні эстафетада (4*400 м) еліміздің ерлер (Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Ефим Тарасов, Вячеслав Земс) және әйелдер құрамасы (Аделина Земс, Анна Шумило, Мария Шувалова, Кристина Кондрашова) топ жарды. Оның алдында Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) мен Давид Ефремов (60 м кедергілер арқылы жүгіру) чемпион атанды.
Күміс жүлдегерлер: Иван Иванов (ядро лақтыру), Ольга Сафронова (60 м жүгіру);
Қола жүлдегерлер: Аяна Болатбекқызы (1500 м жүгіру), Мария Ефремова (3 қарғып секіру), Ақбаян Мұрмәмет (800 м жүгіру), Алина Чистякова (көпсайыс) Эфим Тарасов (400 метр жүгіру), Максим Фроловский (3000 метрге жүгіру);
Тегеранда барлығы 29 қазақстандық атлет ел намысын қорғады.
Былтыр жабық кешендегі Азия чемпионаты Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өткен. Ол кезде Ұлттық құрама 6 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы есепте 2-орын алған.
Фото: gov.kz
415 рет
көрсетілді0
пікір