- Құмсағат
- 20 Ақпан, 2024
Алматыда Winter Run 2024 мерейтойлық қысқы жарыс өтеді

Алматыда 25 ақпан күні Winter Run 2024 мерейтойлық қысқы жарыс өтеді, - деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
Биыл оныншы рет өтетін Winter Run қысқы жүгіру жарысы дәстүрге айналды. Ол 2024 жылғы жүгіру іс-шараларының күнтізбесін ашып, 29 қыркүйекке жоспарланған Almaty Marathon үлкен стартына дайындық іспетті.
Жарысқа 10 жастан бастап барлық ниет білдіруші қатыса алады. 15 жастан асқандар 10 км және 7 км скандинавиялық серуендеуге және 10 жастан 14 жасқа дейінгілер 3 км балалар қашықтығына қатыса алады. Жарыстың басталуы мен аяқталуы әл-Фараби даңғылындағы «Нұрлы Тау» БО-да жоспарланған.
Іс-шаралар күнтізбесін толығырақ http://almaty-marathon.kz сайтынан көруге болады.

419 рет
көрсетілді0
пікір