Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 03 Сәуір, 2024

Су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындары 60 млн теңгеге өтініш берген

Бір апта ішінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар 60 млн теңгеге 327 өтініш берген. Бұл туралы Қостанай облысының әкімдігі хабарлайды.

1 сәуірдегі жағдай бойынша барлық өтініштер қанағаттандырылып, арызданушыларға материалдық көмек көрсетілді.

Бір отбасына берілетін 50 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем 184,6 мың теңгені құрады.

Екінші маңызды бағыт – су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу. Төлемді тағайындау мүлікке, оның ішінде тұрғын үй, техника және малға келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссияның жұмысын қамтиды.
Тиісті көмек алу үшін зардап шеккен аудан тұрғындары құжаттарын қоса тіркей отырып, учаскелік комиссия немесе ауылдық округ әкіміне өтініш жазуы қажет.

Қазіргі уақытта зардап шеккен аудандарда келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссиялардың жоспарлы жұмысы жалғасуда.

Фото: дереккөзден алынды

168 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз