Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 05 Сәуір, 2024

Ақтөбе облысында Мағаджан су қоймасы жарылды

 Ақтөбе облысының Мағаджан су қоймасы бөгетінің бұзылуына, бөгетті жағалай орналасқан елді мекендерді су басу  қаупі болуына  байланысты Бесқоспа ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, - деп хабарлайды kazgazeta.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары Ұлттық ұланға қарасты Ми-171Е тікұшағына отырғызылып, Бесқоспа ауылынан Бестамаққа жеткізілуде.
Азаматтар Бестамақ ауылындағы мәдениет үйіне автобустармен тасымалдануда. Сағат 13:30-дағы ақпаратқа сүйенсек, автобус 6 рет рейс жасаған. Нәтижесінде 200 ерексек, ал 80-і - бала.
Эвакуация кезінде барша тұрғындардан құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан айтылатын хабарландыру, ескертулерге құлақ асып, қажетті құжаттарды алып, үйлерін босатуды сұрайды.

220 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз