Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 05 Сәуір, 2024

Қаратомар су қоймасынан секундына 1000 текше метр су жіберіле бастады

Қаратомар су қоймасынан секундына 1000 текше метр су жіберіле бастады, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Бүгін сағат 20:00-де Қаратомар су қоймасынан Қостанай қаласына қарай секундына 1000 текше метр транзиттік су жіберіле бастады. Мол су Сергеевск құламасы арқылы Амангелді су қоймасына құйылады.

«Су жіберу көлемі секундына 1500 текше метрге жетсе немесе ол шамадан да көп болып кетсе, Тобыл өзені арнасынан асуы мүмкін. Су басу қаупіне байланысты Қостанай, Тобыл қалаларындағы өзен бойына жақын орналасқан көшелердің, саяжайлар, елді мекендердің тұрғындары, сауда - ойын-сауық орталықтары, демалыс орындары эвакуацияланады», - деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Жедел штаб тұрғындардан бос дүрлікпеуді сұрайды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қажетті эвакуация пункттері, техника, қаптар, инертті материалдар дайын.

Полиция департаменті автокөліктердің барлық түрі үшін облыстық маңызы бар жолдардың жабылғанын мәлімдеді.  

169 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз