Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 12 Ақпан, 2015

Байкал Хамзин: Ауған соғысы ардагерлеріне қатысты заң жобасының қабылдануы күрделі мәселе

1423624854_baikalТарих бетінде қанды із қалдырған Ауған соғысы аяқталғалы қанша жыл өтсе де, қырғынды күндердің елесі ардагерлердің әлі күнге дейін көз алдында. Себебі, олар соғыс жылдарын ұмыттыратындай мамыражай өмірге жете алмай отыр. Заңды мәртебесі жоқ, әлеуметтік жағдайы қамтамасыз етілмеген. 15 бойы бойы күрессе де, еш нәтиже шығар емес. Алматыдағы Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымдастырған баспасөз мәсхилатынан осындай ой түйдік. Жиын соңында мәселені кеңінен қамту үшін «Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектері кеңесі» төрағасының орынбасары Байкал Хамзинмен аз-кем сұхбаттасқан едік. - Ауған соғысы ардагерлеріне қандай мәртебе беру керек? Заң жобасы жасалып, билік тарапынан қабылдануы мүмкін бе? - Ауған соғысы ардагерлеріне қатысты заң жобасының қабылдануы күрделі мәселе. Заңдық терминологияда «соғыс» деген түсінік жоқ, оның орнына «әскери конфликт» деген ұғым қолданылады. Бізде Президент қол қойған «Әскери доктринада» да жағдай дәл осылай. Біздің Ауғанстандағы азаматтық соғысқақатысуымыз тарихи факт. Көпшілік Ауғанстандағы соғыс Кеңес Одағы әскері барғаннан кейін басталды деп ойлайды. Алайда, ондағы соғыс 1979 жылы емес, 1972 жылы басталған еді. Кеңес Одағы әскерін Ауғанстанға енгізген кезде онда сегізінші жыл соғыс жүріп жатқан болатын. Сондықтан бізАуғанстандағы азаматтық соғыстыңбір жағында ғана болғанымызды дәлелдегіміз келеді. Заңдық тұрғыда «әскери конфликтіге» қатыстық деген дұрыс. Сонда еліміздің «Әскери доктринасы» біздің әлеуметтік қорғалуымызға қарсы болмайды. - Ауған соғысы ардагерлеріне қандай көмек керек? - Қазір мемлекеттің жағдайы жақсы. Егер мемлекет тарапынан ардагерлерге қаржы бөлінсе, оны жүйелі пайданалану керек. Біз осы мәселе байланысты Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігіне қарасты комитет құру туралы ұсыныс жасадық. Енді алдағы 5-6 жылдың ішінде өзгерістер болып қалар. Егер Отан қорғаушыларға деген көзқарас дұрыс болмаса, мемлекетте даму болмайды. - Ауған соғысына Кеңестік одақтас мемлекеттердің бірқатары қатысты. Ондағы ардагерлердің қазіргі жағдайы қандай? - «ТМД Әскери-саяси одағының» мүшесімін. Бұл мәселені талқылауға ардагерлер жиі жиналып тұрамыз. Қазіргі ардагерлерге ең жақсы жағдай Қырғызстанда жасалған. Өтемақысы 200$ көлемінде және Ауған соғысын «соғыс» деп қабылдайды. Өзбекстанда жағдай нашар. Ардагерлерге көңіл бөлінбейді және көзқарас та дұрыс емес.Онда 67 мың ардагер бар. Тәжікстанда ардагерлер мәселесін қарайтын Мемлекеттік комитет бар болғанмен, қаржыландыру жоқ. Ал, Балтық жағалауы елдерінде Ауған соғысын басқаша қабылдайды. ЕуроОдақтың құрамында болғаннан кейін нұсқау бойынша, оларда да Ауған соғысына да, ардагерлеріне де заңдық тұрғыда мәртебе берілген жоқ. Ресейде заң бойынша Ауған соғысын«әскери қимыл» деген деп қана қабылдап, соғыс екенін мойындамай отыр. Бұл саяси мәселе. Украинада да жағдай солай. Онда 160 мың Ауған ардагері бар. Бірақ, Украинаның қазіргі жағдайы тұрақсыз болғандықтан, нақты айту қиын.Белоруссияда жағдай жақсы. Мемлекеттің ардагерлерге көзқарасы көңілге қонымды. Біздегі жағдай да Ресейдікіне ұқсас. Өтемақысы да шамалас. Біз Мәскеуде өткен бір жиында Қазақстан, Ресей және Белоруссиядағы ардагерлердің жағдайын, оларға деген көзқарасты бірдей болсын деген ұсыныс жасаған болатынбыз. - Ауған соғысының аяқталғанына ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, оған ресми түрде объективті баға берілмей келеді. Кеңес Одағы неге «соғыс» деп мойындамады? Сіздің көзқарасыңызша, қазір қандай баға берген дұрыс? - Кезінде Ауғанстан ОК-нің Бірінші хатшысы Х.Аминмен Кеңес Одағы арасында келісім жасалып, Кеңес Одағы «көмек беру» деген желеумен Ауғанстанғакірді. Ресми түрде 25 желтоқсан 1979 жылы енгізілді дегенмен, шын мәнінде 7 шілдеде әскер жөнелтілді. Өз ішінде ортақ келісімге келе алмай отырған Ауғанстанға Кеңес Одағы келісіммен барды. Бір жағынан Ауғанстан геосаяси мемлекет. Орталық Азияны бақылауға болатын нүкте, транзиттік аймақ. Ауғанстан 1600 метр биіктікте орналасқан, ал бұл жайт мұнда базасы орналасқан мемлекетке өте тиімді. Сол үшін үлкен мемлекеттер таласты. Біз сол үлкен «бір» мемлекеттің құрамында болдық. Әр мемлекет Кеңес Одағының араласуын әр түрлі бағалайды: біреулер агрессия, екіншілері интервенция секілді әртүрлі көзқарастар болды. Бірақ, қаталдық көп болды. - Сіз қорғаған Отан тарап кетті. Сол соғысқа барып, жастығыңызды сарп еткеніңізге өкінбейсіз бе? - Ол кезде саясат басқа болды. Үлкен мемлекеттің құрамында едік. Америка мен Кеңес Одағы арасында қайшылықтар жүріп жатты. 1979 жылы Иранда революция қызып тұрған, Қытай жақтан да қауіп бар болатын. Сондықтан, Кеңес әскеріне оңтүстік шекараны қорғау керек болды. Ал сол кездегі идеология өте күшті болатын. Ұлы Отанды, оңтүстік шекараны қорғау үшін қаншама кеңес сарбаздарымен қатар біз де аттандық... - Геосаяси тұрғыда Ауғанстан қолайлы аймақ екен рас. Алдағы уақытта Ауғанстан үшін конфликт тағы туындауы мүмкін бе? - Әрине мүмкін. Ауғанстан мемлекеті өте қиын жағдайда. Онда пуштандар, тәжіктер, өзбектер секілді диаспоралары бар. Солтүстігіндегі жүргізіліп жатқан саясат оңтүстіктен мүлде бөлек. Мүмкін федерализиция болар. Және сыртқы күштер де жиі араласуда. Үлкен мемлекеттер кірісіп жатыр. АҚШ талибтермен келісімге келмекші.Ауғанстан ресурстарға бай, әскери ыңғайлы жер. Оған ықпалы бар мемлекеттің Азияны бақылау мүмкіндігіне ие болады. Үндістан мен Пәкістан секілді үлкен нарықты Азиямен байланыстыратын транзиттік елге ықпал етеді. Сондықтан Ауғанстан үшін талас туындай беруі мүмкін. - Қазіргі кезде Ауғанстанға Қазақстан тарапынан гуманитарлық көмектер жасалуда. Бұл туралы ойыңыз қалай? - Мемлекеттің байлығы- адам. Егер Ауғанстан халқының менталитеті бізге жақын болса, олармен тіл табысу да оңай бола түседі. Ол бір күндік саясат емес. Ауған жастарын сол үшін де оқытып жатыр. Халық жақсы араласатын болса, мемлекеттердің де байланысы жақсара түседі. Бұл дұрыс саясат, меніңше. Сұхбаттасқан Жания Әбдібек

2659 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз