Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Тамыз, 2019

Алматыда айына 83 млн теңге АӘК заңсыз төленген

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды kazgazeta.kz Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әкім көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеу кезінде анықталған заңбұзушылықтар туралы айтты. «Бүгінде көпбалалы 1350 отбасыға АӘК беру тоқтатылды. Біз табысын жасырған көптеген отбасыларды анықтадық. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жанұялар бар екен. Олар табыстарын жасырған. Қалада уақытша тіркелген отбасылар бар. Бірақ олардың  балалары ата-әжелерінде қалған. Басқа облыстағы мектептерде оқиды», - деді Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде. Оның айтуынша, осылайша , айына 83 миллион теңгеге жуық қаржы заңсыз төленген.

 

840 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз