Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Қаңтар, 2022

Желіде омикрон штаммына қатысты жалған ақпарат тарады

Мессенджерлерде SARS-CoV-2 вирусының омикрон нұсқасын ұшақтардан әдейі шашатынын дәлелдейтін фотосурет таратылуда. Хабарламаға Omicron жазуы бар қаптардың суреті тіркелген. Ол Чехияда әуежайлардың бірінің ерекше қорғалатын қоймасында түсірілген екен. Мұның барлығы жалған ақпарат, деп хабарлайды stopfake.kz.

Бұл фотосуреттің COVID-19 пандемиясына, SARS-CoV-2 коронавирусына және оның нұсқаларына ешқандай қатысы жоқ. Суретте көрсетілген қаптардағы зат – италиялық Omicron компаниясы шығаратын полипропилен қоспасы. Кәсіпорын өнеркәсіпте қолданылатын полипропилен және полиамид қоспаларын шығарады.

Атап айтқанда, олар пластикалық құбырлар, тұрмыстық бұйымдар, жиһаз, кеңсе жабдықтары және т.б. заттар өндірісінде қолданылады. Компания медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер шығармайды. Omicron компаниясы нарықта 45 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді және оның COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ.

 

 

424 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз